«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

88 жыл бұрын КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Серкебаев Ермек Бекхмұхамедұлы дүниеге келді

88 жыл бұрын КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Серкебаев Ермек Бекхмұхамедұлы дүниеге келді

1926 жылы 4 шілдеде әнші (лирикалық баритон), Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлері одағы басқармасының төрағасы, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор, Социалистік Еңбек Ері Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін (Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Ахмет Жұбанов және Латиф Хамидидің операсындағы - Абайды, «Біржан мен Сара» операсындағы Қожағұл, Амангелді, Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында» Онегин мен Елецкиді, Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразы» Фигароны, «Укрощение строптивой» Петруччионы, Евгений Брусиловский мен Еркеғали Рахмадиевтің операсындағы Ер Тарғын және Алпамыс батырлар және басқа да көптеген операларда ойнаған. Кино өнері саласында да атсалысып, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», т.б. фильмдерге түскен. Гастролдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болған. 1973 жылдан қазіргі кезге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класы бойынша дәріс береді. 2006 жылы - Мәскеу консерваториясының үлкен залында ән шырқаған. Қазіргі қызметінде 1947 жылдан бастап істейді. КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 8, 11- шақырылымдарының депутаты.

«Отан», Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері. 2011 жылы желтоқсанның 22-сі күні Алматыда Ирина Серкебаеваның «И жизнь, и молодость, и счастье» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстанның халық әртісі, атақты әнші Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған.


Қазақша Русский English