Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

1932 жылы 4 шілдеде бір топ қазақ зиялылары - Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев, Қ.Қуанышев Ф.Голощкинге хат жолдады

26504
1932 жылы 4 шілдеде бір топ қазақ зиялылары - Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев, Қ.Қуанышев БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощкинге хат (бесеудің хаты) жолдады. Бастапқыда хат И.Сталинге арнап жазылған болатын. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социалистік қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды - байларды, орта шаруаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды.