Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады

1899 Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді

Ш.Уәлиханов бірінші болып Таш Рабат құрылысын сипаттап жазды

- = -

ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні.

26487
ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. - e-history.kz
Әуелде тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді.
Себебі, 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым - «Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Осы жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Былтыр журналистер мерекесінің датасы қайта өзгерді. 2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым - Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді.