Келіссөздер барысында НАТО қатысушы елдері мен ҚР әскери-техникалық, экономикалық, саяси гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту переспективалары қаралды.
Н.Ә.Назарбаев ҚР қарулы Күштері кадрларын кәсіби оқытуға, Семей өңірін ядролық сынақтардан кейін оңалтуға мүмкіндік туызатын "Бейбітшілік үшін әріптестік" және "Бейбітшілік үшін ғылым" НАТО бағдарламаларына Қазақстанның қатысу маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы сондай ақ Еуропалық комиссия Президенті Романо Продимен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан және ЕО арасындағы өзара байланыс жағдайы мен перспективалары, Қазақстанның Орта Азиялық өңіріндегі көшбасшылығын ескере отырып, олардың стратегиялық әріптестік жазықтығына өту мүмкіндігін, Қазақстанның нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру, Қазақстан болатының импортына квота арттыру, сондай-ақ қазақстандық қара уылдырық импортын шектеу туралы шешімді қайта қарау мәселелері қарастырылды.
Сол күні Мемлекет басшысы алдыңғы қатарлы бельгиялық "La Libre Belgique" газетінің тілшісіне сұхбат берді, сұхбатта Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының барлық параметрлерін және перспективаларын сипаттады.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
mail@e-history.kz 8 (7172) 57 60 13 (ішкі - 1163)