Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

100 жыл бұрын (1918-2006) партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов дүниеге келді.

- = -

1930 з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигіСапарғалиев Ғайрат дүниеге келді.

26484
1930 з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигіСапарғалиев Ғайрат дүниеге келді. - e-history.kz
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, прокуратура қызметкері.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов заң институтын бітірген. 1956-1992 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, Философия және құқық институты директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты заң факультетінің деканы. 1995-2008 жылдары - Қазақ гуманитарлық заң университеті Мемлекет және құқық институтының директоры қызметтерін атқарған. Ғайрат Сапарғалиев 1978 жылғы Қазақ КСР Конституцияның, 1993 және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялардың жобаларын жасаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының көптеген маңызды заңдарын жазуға қатысқан. 2007 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған «1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау жұмыс тобының мүшесі. 6 заң ғылымдарының докторы мен 40 астам заң ғылымдарының кандидатын дайындаған. 450 аса ғылыми еңбектердің авторы. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.