Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

1924 жылы Даңқ орденінің толық иегері, ҰОС соғысының ардагері Тастандиев Тайыр Бүркітбайұлы дүниеге келді.

26433
1924 жылы Даңқ орденінің толық иегері, ҰОС соғысының ардагері Тастандиев Тайыр Бүркітбайұлы дүниеге келді. - e-history.kz
Жамбыл облысында туған. 1942 жылы тамызда әскер қатарына алынған. Ол 1-ші және 2-ші Балтық бойы, 4-ші Украин майданының құрамында елді неміс басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан.
Донецк қаласының жанындағы кескілескен ұрыста өзінің бөлімшесімен жаудың күшті бекінісін алып, аса жауапты жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін 3-ші дәрежелі, жау ДЗОТ-ын гранатамен жарғаны үшін 2-ші дәрежелі, Днепр жағалауындағы кескілескен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Т.Тастандиевтің майдандағы ерлігі орыс жазушысы К.Симоновтың «Шел солдат» деректі фильмінде біршама ашылып көрсетілген. Жергілікті қаламгер Ә.Айтоқов ол туралы кітап жазған. Соғыстан кейінгі жырлары Т.Тастандиев өз ауылында халық шаруашылығы саласында еңбек етіп, 1953-1974 жылдары Ақтөбе аудандық кеңесінің төрағасы болды. 1974 жылы дүниеден озды.