Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

1930 жылы 12 мамыр күні жазушы, журналист Әнуар Әлімжанов дүниеге келді

26415
1930 жылы 12 мамыр күні жазушы, журналист Әнуар Әлімжанов дүниеге келді - e-history.kz
Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
«Алма-Атинская правда», «Литературная газета», «Ленинская смена», «Правда» газеттерінде қызмет істеген. «Қазақфильм» студиясының, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі төралқасының төрағасы болды. Жазушы шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған. «Достар кездескенде», «Жаушы», «Күнге бет алған керуен», «Адамдар жолы», «Махамбеттің жебесі» т.б. кітаптары жарық көрді. Бірсыпыра шығармалары Азия, Африка халықтарының ұлт-азаттық күресіне арналған. Үндістан тақырыбына жазылған шығармалары үшін Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері. «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен және медальдармен марапатталған.