Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды

- = -

1910 жылы 5 мамыр күні т.ғ.д., профессор, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Киікбаев Нығметолла дүниеге келді.

26412
Жамбыл облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) бітірген.
Жамбыл облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Қазақт педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) доценті, деканы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері республикада өнеркәсіпті құру мен дамыту, қазақ ұлтын құру мәселелеріне арналған. Қазақстан тарихы мәселелері бойынша ғылыми зерттемелерге зор үлесін қосқан. 100-ге жуық ғылыми еңбектің, кітаптар, теориялық мақалалардың авторы.