Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

81 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Әубәкіров Оспанхан дүниеге келді.

26409
81 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Әубәкіров Оспанхан дүниеге келді. - e-history.kz
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған.
Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлеңжыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған. 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.