Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ CСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстан президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды

Халел Досмұхамедұлының туған күні

- = -

100 жыл бұрын (1918-2006) партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов дүниеге келді.

26398
100 жыл бұрын (1918-2006) партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов дүниеге келді. - e-history.kz
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген 1939-1940 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болған.
1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылында партизандық қозғалысты ұйымдастыруға белсене қатысқан. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асыруға қатысқан. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсеткен. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға соққы берген. 1945-1953 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасында, Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандық кеңестерінің атқару комитетінде жауапты қызметте болған. 1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында, «Жазушы», «Қайнар» баспаларында редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысы кезіндегі өзінің партизандық өмір жолы, қарулас достарының қаһармандық ерлік істері жайлы сыр шертетін «Жас партизандар», «Илько Витряк» «Переяслав партизандары», «Ажал аузында», «Партизан соқпақтары», т.б. әңгіме, очерк, повесть жинақтарын шығарған. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Көркем аударма саласында М.Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Джалилдің «Почта жәшігі» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған. 3-дәрежелі «Б.Хмельницкий», 2 мәрте 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен, Сондай-ақ «Чехословакия партизаны» орденімен, есімі жазылған қарумен марапатталған.