Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

100 жыл бұрын (1918-2006) партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов дүниеге келді.

- = -

Бүгін (1928-1990 жж.) актер, Қазақстанның халық әртісі Жантөрин Нұрмахан дүниеге келді

26395
Бүгін (1928-1990 жж.) актер, Қазақстанның халық әртісі Жантөрин Нұрмахан дүниеге келді - e-history.kz
Атырау облысы Махамбет ауданында туған. Ташкент театр өнері институтын бітірген. 1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсеткен.
1967-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актер болған. Актер көптеген сахналық спектакльдер мен фильмдерде ойнаған. Ол театрда С.Мұқановтың «Шоқан Уалихановында» Шоқан, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар (осы шығармалар бойынша қойылған фильмдерде де ойнаған), М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пен «Қаракөзінде» Кебек пен Сырым, Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктор, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтаро, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мольер, сондай-ақ, У.Шекспирдің «Оттелосы» мен «Макбетінде» Яго және Макбет (соңғысы Қарағанды облысы қазақ драма театрында), А.Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан рольдерін ойнап, үздік актерлік шеберлігін танытқан. 1948 жылдан киноға түсе бастаған. Кинодағы алғашқы рөлі «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіті - Туматуге. Жантөрин 80-ге жуық фильмдерге түсе оның 30-дан астамында басты рөлде ойнаған. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов («Оның уақыты келді»), Абылайханов («Атаманның ақыры»), Құрманғазы («Құрманғазы»), Сапар («Сапар құдығы»), Шал («Көлеңкесін қуған шал»), Бейбарыс сұлтан («Сұлтан Бейбарыс»), т.б. бейнелері бар. Режисер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп «Орман балладасы», Н.Жайнақовпен бірге «Медальдің үшінші жағы», «Қара маржан» фильмдерін қойған. Алматы қаласында Жантөрин атындағы көше бар.