Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

1975 жылы Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында «Даңқ» мемориалы ашылды.

26389
1975 жылы Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында «Даңқ» мемориалы ашылды. - e-history.kz
Сәулетшілері - Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким, мүсіншілері - В.Андрющенко, Р.Артимович. Жауға қарсы ұмтылған жауынгерлер бейнеленген мүсіндік композиция мемориалдың төріне орнатылған. Мүсіндік композиция алдындағы алаңға мәңгілік алау жағылып, оның екі қапталы ұзын гранит қорған-қабырғамен қоршалған. Қабырғада «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін» деген жазу, ал екі босағасында «Даңқ кернейшісі» және «Ант» деп аталатын мүсіндік топтама бар. Мемориалға кіре берісте Ұлы Отан соғысындағы одақтас халықтардың қаны төгілген «қаһарман қалалардың» топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған.