Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

87 жыл бұрын әнші, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеге келді

26384
87 жыл бұрын әнші, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеге келді - e-history.kz
Роза Үмбетқызы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халықаралық театр институтының мүшесі.
Ақтөбе қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1953 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі болған. Әнші отандық және классикалық операларда басты партияларды орындап, Ақжүніс, Жібек (Е.Брусиловский «Ер Тарғын», «Қыз Жібек»), Сара (М.Төлебаев «Біржан-Сара»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Татьяна, Иоланта (П.Чайковский «Евгений Онегин», «Иоланта»), Мария Александровна (Ю.Ментус «Ағайынды Ульяновтар»), Валентина Панфилова (Ғ.Жұбанова «Жиырма сегіз»), Чио-Чио-Сан (Дж. Пуччини «Чио-Чио-Сан»), Амелия (Дж.Верди «Балмаскарад»), т.б. образдарын сомдаған. Сондай-ақ, Қ.Қожамияровтың «Назугумындағы» Назугум, Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлуындағы» Қамар, С.Мұхамеджановтың «Айсұлуындағы» Айсұлу партияларын тұңғыш орындаған. Ол гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болып, қазақ ән өнерін насихаттауға үлкен үлес қосқан. 1962-1979 жылдары аралығында Қазақ театр қоғамының төрағасы болған. Еңбек Қызыл Ту, Ленин және Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.