Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады

1899 Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді

Ш.Уәлиханов бірінші болып Таш Рабат құрылысын сипаттап жазды

- = -

Қазақстан Республикасы және Жапония арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

26313
1992 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы және Жапония арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Екі жақты қарым-қатынастың негізі болған Н.Назарбаевтың Жапонияға 1994 жылғы 6-9 сәуір және 1999 жылғы 5-8 желтоқсандағы ресми сапарлары. Елбасының екінші ресми сапары барысында достық, әріптестік және ынтымақтастық туралы өтінішке қол қойылды. Осы сапарлар Қазақстан және Жапония арасындағы байланыстың дамуына қарқынды ықпал жасады. Екі жақты байланыс дамуының бүкіл кезеңі аралығында Жапонияда Қазақстан және жалпы Орталық Азиямен қарым-қатынасты дамытуға деген қызығушылық байқалады. Халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде елдеріміздің ұстанатын бағыттары жақын. Жапония Қазақстан Республикасының Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылғанын, біздің еліміздің өз жерінде ядролық қаруды жою жайындағы шешімді қабылдағанын қолдайды. Халықаралық ұйымдар қызметінде өзара қарым-қатынас жасау екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. Екі ел арасындағы парламентаралық қатынас тығыз дамуда. 2007 жыл индустриалдық, энергетикалық және қаржы салаларында ынтымақтастықты белсенді ету нәтижесінде екі жақты экономикалық қатынастың қызған кезі. Мәдени-гуманитарлық салада да Қазақстан және Жапония арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып жатыр.