Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды

- = -

7 жыл бұрын Алматыда ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды

26304
7 жыл бұрын Алматыда ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды - e-history.kz
Ә.Марғұлан – біртуар, қайталанбас тұлға, ғалым-энциклопедист, ҚазКСР ҒА мүшесі, Бүкілодақтық Географиялық қоғамның толық мүшесі, көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
Ғылымға сіңірген зор еңбегі және жеке қасиеттері туралы академиктің қызы Дәмелі Марғұлан, белгілі тарихшы Карл Байпақов және басқалар айтып берді. Карл Байпақов Ә.Марғұланның ең маңызды еңбектеріне, соның ішінде қазіргі Қазақстанның аумағында төрт мың жыл бұрын орналасқан Беғазы-Дандыбай мәдениетіне жеке тоқталып өтті. Ол Қазақстан тек қаңа көшпенділердің елі ғана емес деп көрсетіп, Қазақ даласында отырықшы мәдениетінің болғандығын дәлелдеді. Ә.Марғұлан – біртуар, қайталанбас тұлға, ғалым-энциклопедист, ҚазКСР ҒА мүшесі, Бүкілодақтық Географиялық қоғамның толық мүшесі, көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Бүгінгі таңда ғалымның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан өсиеті мен өшпес ғылыми еңбектері Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі тікелей қолдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңінен зерттелу үстінде.