Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Халық ақыны, әнші-композитор Мәди Бәпиұлы дүниеге келді

23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мәскеуге алғашқы ресми сапармен барды

- = -

Бүгін совет және қырғыз жазушысы, мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматов туылды

26276
Шыңғыс Төреғұлы Айтматов 1928 жылдың 12 желтоқсанында Шекер ауылында (Қырғыз Республикасында) алғашқы қырғыз-коммунистерінің отбасында дүниеге келген. Отбасының арқасында болашақ жазушы бала кезінен орыс мәдениетіне, орыс тілі мен әдебиетіне араласты. 1937 жылы басшылық қызметте болған оның әкесі репрессияға ұшырап және Шыңғысқа ерте есеюге тура келді. Өзінің еңбек өтілін 10 жаста бастап, ал он төрт жаста Отан соғысының жылдары, ересек ерлер фронтта болған кезде, үлкен ауылдың аса қиын өмірлік мәселелерін шеше отырып, - ауыл кеңесінің хатшысы болды. Сегіз сыныпты бітіріп, Айтматов Жамбыл зоотехникумына түсіп, оны үздік бітіріп және ауыл шаруашылығы институтына қабьлданды. Студенттік жылдары ол үлкен емес естеліктерін, мақалаларын, очерктарын жазып және газетте жариялап отырды. Институтты аяқтағаннан кейін зоотехник болып жұмыс істеп, жазуды жалғастырды. 1952 жылы басылымда орыс тіліндегі «Газетчик Дзюйдо» әнгімесі ең алғаш рет басылып шықты. 1956 жылы Мәскеуге Жоғарғы әдебиет курсына оқуға келді. Қырғызстан оралған соң, «Литературный Киргизстан» журналының редакторы болды, бес жыл Қырғызстандағы «Правда» газетінің меншікті тілшісі болды. Жазышуға кеңінен танымалдылықты кейінірек «Тау мен дала жыршысы» кітабына енген, барлық сынақтан өткен, бұрын қамалған қырғыз әйелінің жеке бақыты мен қоғамдық қызметі қатысты құқығы, махаббаты туралы «Жамиля» (1958) повесті алып келді. 1961 жылы «Қызыл орамалды шынарым» повесті, содан соң «Алғашқы ұстаз» (1962), «Жер ана» (1965), «Қош бол, Гүлсары» (1966), «Ақ кеме» (1970) және т.б повестері жарық көрді. Айтматовпен жазылған алғашқы романы «Ғасырдан да ұзақ күн» («Боранды бекет» 1980). 1988 жылы танымал «Жан пида» романы жарияланды. Жазушының бас назарында – «адам және қоғам» мәселесі. Айтматовтың қаһармандары – рухани бай, адамгершілігі бар қазіргі заманның белсенді адамдары. Айтматов жазушы – жаңашылы, психологиялық портреттің шебері ретінде алға шықты. Бірақ Айтматов таланты жазушылықпен шектелмеді: ол алдымен КСРО Люксембургтағы елшісі, содан соң Қырғызстанның Бельгиядағы елшісі болып, өзін дипломат және саясаткер ретінде көрсетті. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты да болды, «Иссыккульский форум» халықаралық зияткерлік қозғалысының бастамашысы болды. Шыңғыс Айтматов 2008 жылдың 10 маусымында Нюрнберг (Алмания) ауруханасында ем қабылдау кезінде қайтыс болды. Аса көрнекті жазушының құрметіне Республикада 12 желтоқсанда атап өтілетін Қызғызстанның ұлттық әдебиет күні мерекесі бекітілген.