Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

Аса көрнекті ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың туған күні

26262
Аса көрнекті ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың туған күні - e-history.kz
Оның өлеңдерінің басым көпшілігі нақты сюжет бойынша жазылды. Ол көптеген поэмалар мен романдар жазды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935-1983) – қазақтың аса талантты ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). 1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқыған. 1959-74 ж.«Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» [ https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81_%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88_(%D2%AF%D0%BD%D0%B6%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%8F) ] газетінде бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1974-78 жылдары ҚазССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, 1978-83 жылдары «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған. Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» [ https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%95%D0%B3%D1%96%D1%81&action=edit&redlink=1 ] лирикалық жинағы 1 [ https://kk.wikipedia.org/wiki/1961 ] 961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973 ж.), «Кішкентай» (1975 ж.), «Атақ пен дақпырт» (1978 ж.) атты үш романы басылды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А. Вознесенскийдің, Е. Евтушенконың, Н. Хикмет пен Ә. Файзи шығармаларын аударған.