Асфендиярова Гүлсім (1880-1941) дәрігер, Қазандағы Бүкілресейлік мұсылмандар съездінің Түркістандағы делегаты, Ресей мұсылмандарын ұйымдастырудың Уақытша орталық бюросының мүшесі.
Асфендиярова Гүлсім – дәрігер, Қазандағы Бүкілресейлік мұсылмандар съездінің Түркістандағы делегаты, Ресей мұсылмандарын ұйымдастырудың Уақытша орталық бюросының мүшесі.
XX ғасырдың басында Петербургте қазақ әйелдері де жоғары медициналық білім алды. Олардың арасында Санкт-Петербургтегі Әйелдер медициналық институтын бітірген ең алғашқы қазақ-дәрігері – Гүлсім Сейітжапарқызы Асфендиярова.
Ол Қазанда өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съездінің жұмысына Түркістаннан келген делегат ретінде қатысты. Съезде Гүлсім Асфендиярова Ресей мұсылмандары Орталық бюросының мүшесі болып сайланды.
Для копирования и публикации материалов необходимо письменное либо устное разрешение редакции или автора. Гиперссылка на портал Qazaqstan tarihy обязательна. Все права защищены Законом РК «Об авторском праве и смежных правах». mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (внутр. – 111)