«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен академик Қ. И. Сәтбаевтың мұражай-үйінің ашылу салтанаты болып өтті

20 жыл бұрын  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен академик Қ. И. Сәтбаевтың мұражай-үйінің ашылу салтанаты болып өтті

20 жыл бұрын  Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Жезді кентінде және Қарсақпай ауылында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тау-кен және балқыту ісінің тарихы мұражайы мен академик Қ. И. Сәтбаевтың мұражай-үйінің ашылу салтанаты болып өтті.

Республика Президенті мұражайдың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, мыс қорытпасынан құйылып, бабалар әдісі бойынша жасалған көне балқыту пешінің істеп тұрған кішігірім нұсқасында экспонат құйып тарту етті.

Мұражай үш бөлімнен тұрады – тау-кен және балқыту ісінің тарихы, тарих және экскурсиялық жұмыс бөлімі, мұрағаттар сақталған, көркемөнер шеберханасы, кітапханасы бар қорлар бөлімі. Қ. И. Сәтбаевтың мұражай-үйінде академиктің өмір жолын және Қарсақпай зауытының тарихын зерттеуге арналған бөлім бар.



Қазақша Русский English