Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

1778 жылы орыс патшасы қазақ жерінің хандығына Абылайды тағайындау туралы куәлік хатты жіберді.

26217
1778 жылы орыс патшасы қазақ жерінің хандығына Абылайды тағайындау туралы куәлік хатты жіберді. - e-history.kz
(1778) Орыс патшасы қазақ жерінің хандығына Абылайды тағайындау туралы куәлік хатты, сондай-ақ оған тон мен қылышты сыйлыққа жіберді.
Қазақ ордасының ханы, Қазақ мемлекеті тарихындағы аса көрнекті мемлекеттік қайраткері. 1743 жылға дейін орта жүз сұлтаны болды. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай ұлы жүздің ханы болды. Абылайдың арғы атасы Шыңғысханның ұлы Жошынің тұқымдары – Қазақ ордасының негізін қалаған Әз-Жәнібектен тарайды. Әбілмансұрдың әкесі жау қолынан қаза болады. Абылай бала кезден көп қиындақ көріп өсті, оны Ораз деген құл, кейін Төле би бақты. Бозбала кезінде-ақ отанын, жерін қорғауда ерекше әскери қасиеттерін көрсетті. Қанды қақтығыстардың ортасында жүретін, әсіресе жекпе-жекте өжет те, батыл күресетін. Әбілмәмбет басқарған қол Абылайдың қатысуымен жоңғарлармен соғыста ірі жеңіске жетеді де, ол халық арасында танымал бола бастайды. Осы қақтығыста жиырма жасар Әбілмансұр қалмақ қонтайшысы Қалден Сереннің баласы Шырышты жекпе-жекте жеңіп өлтіреді. Жиырма жасында хан болып тағайындалған Абылай жарты ғасырдай хандықты басқарып келді. Абылай қажырлы да көреген саяси қайраткер бола отырып, дарынды дипломат, батыл қолбасшы бола білді. Оның бар арманы мен мақсаты қазақ халқын мемлекет ретінде бекіту, оны сыртқы жаулардан қорғау, үш жүздің басын біріктіру еді. 1743 жылы хандардың, басты сұлтандардың, бір ту астында жиналған батырлардың қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай Қазақ мемлекетін бекіту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында өмірін паш етті. Оның елді басқару кезінде қазақ пен қалмақтар алғашқы рет өзара келісімге келеді, Ресеймен де, Қытаймен де тату көршілес қарым қатынасқа жетті. Бұл мықты мемлекеттер Абылай ханның пікірімен санасатын болды. Абылай хан дана да көреген саясаткер бола отырып, ол елдердің ішкі саяси пиғылдарын түсініп отырды. Қалмақ қонтайшысы Қалден Серенмен келісілген тоғыз жылдық татулықтың мерзімі аяқталып, соғыс басталу қаупі бар екенін Абылай хан болжады. Жоңғар мемлекетінің өзара ішкі дүдараздары соғыстың басталуын тездетті. 1752 жылы Жоңғар қолбасшысы Лама Доржы қазақ жеріне шабуыл жасайды, оларға Абылай хан бастаған қазақ әскері талқандап тойтарыс берді. Кезекті қақтығыстан кейін Абылай хан ең мықты деген 500 батырын жіберіп, мұндайды күтпеген Лама Доржы тұтқынға түседі де, 1753 жылдың 12 қазанында дарға асылады. Абылайдың жоспары жоңғарларды жеңіп, Ресей мен Қытай мемлекеттерімен теңдік қарым- қатынасын орналастыру еді. Осы мақсатына жетуде ол Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Өтеген батырларымен 1753-1754 жылдары қалмақ ұлыстарына шабуыл жасап, 1755 жылы жеңіске жетеді. Нәтижесінде ойраттар мен қазақтар арасында 200 жылға созылған соғыс қазақ халқының жеңісімен аяқталды. Қазақтардың жеңісі оның көршілері Қытай мен Ресейге тиімсіз болды. 1756 жылы Қытай мемлекетінің қазақ хандығымен соғысы басталып, ол 1757 жылға дейін созылған соғыс Абылай ханның арқасында бейбіт келісіммен аяқталды. Абылай хан 1765-1770 жылдары қырғыздар жеріне шабуыл жасап, нәтижесінде қазақ мемлекетінің жерін кеңейтті. 1771 жылы Волга жағалауында қалмақтарды жеңді. Абылай хан кезінде қазақ мемлекетінің шекарасы кеңейіп, халықтың рухы көтерілді.