Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

1957 жылы Петропавлда бірінші рет облыстық ақындар айтысы өтті

26212
1957 жылы Петропавлда бірінші рет облыстық ақындар айтысы өтті - e-history.kz
Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыс қырғызда олардың ұлттық аспабы қомызбен сүйемелденсе, қазақтарда домбырамен сүйемелденеді. Айтыс кезінде екі ақын бір-біріне қарсы қарап отырып (кейде түрегеп тұрып), екі жаққа бөлініп, ұшқыр қиялға негізделген өлең шумақтары арқылы кезектесіп, қарсыласының сөздерін іліп алып айтысқан. Айтыскерлер айтыс кезінде кез келген өмірдегі оқиғалар туралы еркін тақырыпта айтысады. Айтыскер ақындардың өлеңінің әуенділігін, ырғағын, суырып салғыштығын, қарсыласының уәжіне дәл жауап беруін саралай отырып, айтыс соңында женімпаз анықталады. Айтысқа бірнеше ақын қатысуы мүмкін, сонда да ақындардың өнер көрсетуінде екі жұп болып айтысуы кеңінен таралған.