Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Халық ақыны, әнші-композитор Мәди Бәпиұлы дүниеге келді

23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мәскеуге алғашқы ресми сапармен барды

- = -

2007 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында академик Әбікен Бектұровқа арналып ескерткіш қойылды

26171
2007 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында академик Әбікен Бектұровқа арналып ескерткіш қойылды - e-history.kz
Павлодар облысының Баянауыл ауылында академик Әбікен Бектұровқа арналып ескерткіш қойылды
Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935-1960 жылдары ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946-1968 жылдары Химия ғылымдары институтының директоры, 1968-1985 жылдары сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968-1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады