Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

- = -

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

26150
1994 жылы Алматыда Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Қытай Мемкеңесінің премьері Ли Пэн Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойды.
26 сәуірде Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара сызығы нақтыланды. Бірінші рет екі тарапты да қанағаттандырған шекара келісімі болды. Осы уақытқа дейін миллиард халқы бар Қытай көршілес СССР, Жапония, Индия, Вьетнаммен шекара дауы бойынша қақтығысып, соңы аймақтық соғысқа ұласып жататын. Қазақстан Қытай және ТМД елдерімен шекара дауын шешуде бастамашылық танытты. 1996 жылы 26 сәуірде бес ел басшыларының Шанхайдағы кездесуінде-Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан арасында шекаралық аймақта бейбітшілік пен келісімді сақтау жайлы тарихи келісімге қол қойылды. Бұл кейін ШЫҰ айналды.