Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

100 жыл бұрын (1918-2006) партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов дүниеге келді.

- = -

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы күшіне енді

26141
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы күшіне енді - e-history.kz
Мемлекет басшысы Мемлекеттік шекараны қорғау саласында қатынастарды реттеуге бағытталған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына қол қойды. Заң мемлекеттік шекара туралы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ осы салада мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен функцияларының аражігін шектеуге бағытталған. Осы құжатпен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі туралы» Заңдары бір заңға біріктірілген. «Шекаралық қауіпсіздік», «шекарадағы тосын оқиға», «мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу» сияқты түсініктерге анықтама беретін глоссарий қарастырылған. Заң мемлекеттік шекараны қорғау және сақтау бойынша Қазақстанның өкілетті органдары міндеттерді орындағанда қаруландыру және әскери техниканы, арнайы құралдарды пайдаланудың шарттары мен шектерін анықтайды. Сонымен қатар, елдің шекаралық саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін үкімет жанындағы Мемлекеттік шекаралық комиссияны құру қарастырылған. Шекарамен шектес аудан әкімдіктері жанында шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қолма-қол шешу үшін үйлестіру кеңестерін қалыптастыру ұйғарылып отыр.