Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

Алматы қаласының жаңа тарихы бастау алды

26120
Алматы қаласының жаңа тарихы бастау алды - e-history.kz
1854 жылғы 4 ақпанда қола дәуірінің ежелгі қонысында негізделген, Алматы қаласының жаңа тарихы басталды.
Осы тарих Іле Алатау бөктерінде, екі Алматылықтың өзен аралығында Ресей империясы әскери бекінісінің Верный қорғанының қалыптасуымен байланысты. 1854 жылы күзге қарай әскери бекініс дайын болған. 1855 жылғы 1 шілдеде Верныйға қоныс аударушы-казактардың бірінші тобы келеді. 1856 жылы орыс қоныс аударушы шаруалар келе бастайды, олар бекіністің маңында пайда болған Үлкен Алматылық станицаның негізін салды. Қоныс аударушылар келген сайын кейін көршілес Кіші Алматылық станица және Татар (Ташкент) слободасы пайда болып, онда татар көпестері мен қолөнершілері қоныстанған. 1859 жылғы мамырда қоныстағы тұрғындардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарымен инженер Л. Александровский басқарған, құрылыс бастығы әскери инженер Ц. Гумницкий болды. 1867 жылғы 11 сәуірде Верный әскери бекінісі қалаға айналып, Алматылық атанды, алайда атауы бекіген жоқ және де сол жылы үкіметтік «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қала Верный болып атанды.