Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

75 жыл бұрын «Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хаты» жарияланды

26113
75 жыл бұрын «Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хаты» жарияланды - e-history.kz
Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хатына екі жарым миллионнан астам қол қойылды
ССРО-ның орталық газеті «Правда» тәрбиелік мәні зор ұжымдық «Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хатын» (1943 жылғы 6 ақпан), «Армян халқының армян жауынгерлеріне арналған хатын» (1943 жылғы 27 ақпан), «Тәжік халқының тәжік жауынгерлеріне арналған хатын» (1943 жылғы 20 наурыз) және басқа да материалдарды жариялады. Хаттармен қатар «Правда» бұқаралық митингтер мен жиналыстар, әңгімелесулер материалдарын, партиялық, комсомол және өндірістік жиналыстар есептерін, көрнекті насихаттау материалдарын және т.б. кеңінен жариялап отырды. Осы материалдарды жүйелі түрде жариялап, «Правда» насихаттау-бұқаралық және саяси-тәрбиелік жұмысты өрістету үшін күрес жүргізіп, сонымен қатар бүкіл халық болып майданға жәрдем жасауға бағытталған оның негізгі мазмұнын анықтады. Осы көмектің ең әсерлісі ретінде халықтың бұқаралық-әскери іс-шаралардағы белсенді қатысуы болды. Соғыстың бірінші кезеңінде «Правда» газетінің беттерінде партиялық ұйымдардың басшылық етуімен өрістеген, бұқаралық-әскери жұмыс мәселелері кеңінен жарық көрді, атап айтсақ: жұмылдыруды, жалпыға ортақ міндетті әскери оқытуды жүргізу, халық жасағын құру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру, әскери бөлімшелерге барынша көмек көрсету.