Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады

26088
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады - e-history.kz
19 наурыз күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауын жариялады.
Қымбатты қазақстандықтар! Өткен жыл ұлттық экономикамызды дамыту турасында сенімімiздi нықтап, үмітімізді ұштай түстi. Coңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсiмi 50 пайызға жуық артты. Наурыз айының басында «Дейли телеграф» ықпалды басылымы «Оксфорд аналитика» британ компаниясының экономикалық талдауын жариялаған еді, онда Қазақстан транзитті экономикасы бар мемлекеттердiң арасында аршынды дамып келе жатқан елдердің бiрi ретiнде аталып, биылғы жылы да осындай көш бастаушы тұғырын сақтап қалатыны жайында болжам жасалған eкeн. 2003 жыл Индустриялық-инновациялық стратегиямызды iске асырудың алғашқы жылы болды. Елiмiзде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзiнде өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр. Инновациялық қор елiмiздегі алғашқы ғарыштық жер серігінің жасалуын қаржыландыруды қолға алды. Өткен жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр. Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды. Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттік қолдау көлемi едәуiр ұлғайды. Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен ширектен астам артық. Бөлiнген қаржы шаруаларға өткен жылы лизинг арқылы 806 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 52,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажетті препараттар алуға мүмкіндік бердi. Мал шаруашылығында да оңды нәтижелерге қол жеттi, мал басы тұрақты өсіп келедi. Етпен сүт өндiру 17 пайыздан астам артты. Қазақстан астыққа деген өзiнiң қажетiн қанағаттандырып қана қоймай, бес миллион тоннадан астам астықты экспортқа да шығарды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайды. Ең бастысы, шаруаларымыздың материалдық жағдайы едәуiр жақсарды, демек бұл олардың көңіл ауаны көтерiңкi, болашаққа деген сенiмi зор деген сөз. Соңғы жылдары Қазақстанның барша халқының тұрмыс-деңгейi көтерiлген үстiне көтерiлiп келедi. Өткен жылы еңбек өтiлi мен тапқан табысты ескере отырып, зейнетақылар мөлшерiн қайта қарау жүзеге асырылды. Жыл басынан берi зейнетақымен жалақының ең азмөлшерi көбейтiлдi. Бiз - халықтың КСРО Жинақ банкiндегi iзсiз кеткен салымдарын өтеудi қажет деп тапқан ТМД-дағы бiрден-бiр мемлекетпiз. Өткен жылы жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден астам тұратын 1,3 миллион салым қайта тіркеуден өттi. Үстiмiздегi жылы салымдарды қайта тiркеу мерзiмi аяқталады. Азаматтардан келiп түскен көптеген өтiнiштерге байланысты Үкiметке салымдарды қайта тiркеудің мерзiмiн келесi жылға дейiн ұзартуға ұсыныс енгiзудi тапсырамын. Өткен төртжыл iшiндегі экономиканың өсуi: ең төменгi зейнетақы мөлшерiн - екi есе дерлік (3000-нан 5800 теңгеге дейiн), орташа зейнетақыны да- екi есе (4,1 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейiн); ең төменгi жалақыны- екi жарым есе (2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейiн), орташа жалақыны- 1,6 есе дерлiк (14,3 мыңнан 24,8 мың теңгеге дейiн); мемлекеттік әлеуметтiкжәрдемақылар мөлшерін- 45 пайызғаөсiруге мүмкiндiк бердi. Әлеуметтiк-экономикалық дамудағытабыстарымыз негізгі өлшемдер бойынша бiздің Орталық Еуропаның бiрқатар елдерiне барынша жақындай түсуiмiзге мүмкiндiк бердi, ал Оңтүстік-ШығысЕуропа елдерiнен бiз iлгерiлеп кеттік. Бүкiлдүниежүзiлік Банктiң сыныптамасы бойынша бiздiң мемлекет ендігі жерде орта-деңгейден жоғары табысы бар мемлекеттердің тобына жатады. Кеңестiк кезеңнен кейiнгі кеңiстiкте, Каспий және Орталық Азия өңiрiнде Қазақстанның рөлiмен беделi күшейе түстi, бiздiң елiмiздiң әлемнiң саяси және экономикалық картасындағы маңызы да артып келедi. Қазақстан аса iрi әлемдiк форумдар өтетiн орынға айналды: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерінің бiрiншi съезi бiзде өттi. Бiздiң елiмiзде Еуразия аймағы мемлекеттерiнiң әлемге танымал беделдi басшылары сапармен болып қайтты. Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын «Қазақстан-2030» ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келедi. Ендiгi жерде күнтәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздің экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшiлердің, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр. Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек.