Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

Астана EXPO-2017 халықаралық мамандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды

26086
Астана EXPO-2017 халықаралық мамандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды - e-history.kz
Қазақстан EXPO-2017 мамандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Бұл ел тарихындағы ауқымды оқиға. Толқу артта қалды, ал алдымызда – бар жоғы 5 жыл, себебі базаны салып, мамандандырылған көрменің қонақтары мен қатысушыларына барлық жағдай жасау керек. EXPO көрмесі EXPO – ірі коммерциялық емес жоба, 1851 жылдан бастап өткізіліп келеді, және де Олимпиада ойындары мен ФИФА футбол бойынша әлем кубогынан кейін әлемдегі ең ірі оқиғалардың ішінде үшінші болып саналады. Жалпы 50 көрме өткізілді, және әр көрме өткен сайын ғылым мен техникада өрлеу байқалған. Барлығы 1997 жылы басталды, онда Қазақстан Көрмелердің халықаралық бюросының мүшесі болды. Сол уақыттан бастап, біздің ел жапондық Аичи, 2008 жылы – испан Сарагосында, 2010 жылы – Шанхайда және 2012 жылы – оңтүстік Кәріс қаласы – Йосуда өзін көрсете алды. EXPO-2008 көрмесінде Қазақстан павильоны «С» санаты бойынша 104 қатысушы-елдер арасында сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай іс-шараны Астанада өткізу қажеттілігі туралы идеяны алғаш рет ортаға салды. Өзінің ресми өтінімін Қазақстан 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Көрмелердің халықаралық бюросының штаб-пәтерінде жасады, онда EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев КХБ бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі тұжырымдама, техника-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары мен коммуникациялық стратегияны, қонақтарды қабылдау және олардың қауіпсіздігі бойынша инфрақұрылымдық шешімдерді қамтитын өтініш құжаттамасын қалыптастырды. КХБ талаптары бойынша көрменің 3 ай жұмысы уақытына Астана әлемнің 100 елінен 3-4 млн келушілер мен қатысушыларды қабылдауға әзір болуы керек. Тап сол кезде Парижда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде үміткер-қалалардың тұсаукесері өтті, олар: Астана және Льеж. Қазақстанмен ұсынылған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы дәстүрлі энергетикалық көздер таусылу шегіндегі уақытта, яғни бүгінгі таңда өте өзекті. Сонымен қатар, энергетика саласындағы технологиялар болашағына көз салу және халықаралық қоғамдастықтың назарын тартуға мүмкіндік туады. EXPO-2017 – энергияның баламалы көзін пайдалану, басқару және алу, сондай-ақ оны сақтау туралы мәселені көтеру мүмкіндігі. «2010 жылы біз ЕҚЫҰ саммитін өткіздік. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанда осындай кең ауқымды іс-шараларды өткізу мүмкіндігі бар деп қана тұжырымдамаймыз, еліміз жаһандық қауіпсіздік мәселелері жайында ойлайды. Болашақта мыңжылдықты дамыту, тұрақты дамуға қол жеткізу мақсаты туралы ойлаймыз. Осы идеялар біздің жанымызға жақын. Қазақстан Президенті «Жасыл көпір» бастамасын іске қосты, және де «Рио+20» соңғы конференциясында осы бастама өзектілігін дәлелдеді», - деп атап өтті Astana EXPO-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қайрат Келімбетов.