Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

Н.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауымен үндеу жасады

26075
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты шеңберінде Үкіметтің қызмет ету стратегиялық басымдылықтарының бірі - халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі ретінде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып анықталды. Халықты жұмыспен қамту адам ресурсының әлеуетін дамыту мен іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлық пен тұрмыс сапасын арттыруының басты құралы болып табылады. Осы аспектіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген әлеуметтік жаңғыртудың тиімділігін арттыру мақсатында, Үкімет және әкімдер алдында халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиялық бағдарламасын әзірлеп, қабылдау міндеті қойылды. Бұл ретте Елбасы әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың басты қағидатын көрсетті - масылдықты еңсеру мақсатында моти¬ва¬ция¬лы ақшалай төлемдерге көшу, ал әлеуметтік көмекті тек объективті тұр¬ғы¬дан еңбекке қабілетсіздер мен аз қам¬тамасыз етілгендерге ғана көрсету. Халықты жұмыспен қамтудың басымдылығы өндіріс қарқынының төмендеуімен, инфляцияның өсуімен, жұмыспен қамтудың төмендеуімен және де тиісінше ауыспалы кезең ахуалында Қазақстан Республикасында тұрғындар табыстарының азаюымен белгіленді. Жұмыспен қамту саласында дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау жұмыссыздықтың төмендеуіне, әсіресе өндірістің экспортқа бағытталған салаларында қызметкерлерді қысқартуды тоқтатуға әкелу керек. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметі Елбасының тапсырмасы бойынша жаңа жұмыс орындарын сақтау және құруға бағытталған, Жұмыспен қамтудың арнайы стратегиясын (Жол картасын) әзірледі. Жұмыспен қамту стратегиясы еңбек табысын алу мүмкіндігін ұсынудың маңызды тәсілдерінің бірі. Жұмыспен қамту стратегиясының бағдарламасы еңбек нарығын дамыту, аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысушыларды тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларының іске асырылуы арқылы орындалу керек. Елбасының жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын әзірлеу бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2020 жылға дейін жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасының жобасы әзірледі. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру, оған келесі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына (бұдан әрі - ЖББ) тарту; үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасын (ҮИИБ) іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту; әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. Ағымдағы жылы бағдарлама пилоттық режимде іске қосылады деп жоспарлануда. 2012 жылы бағдарлама толыққанды іске асырылады. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2015 жылы 1,5 млн. адамды қамту жоспарланып отыр. Бұл республикада кедейшілікті 6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, және де жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспайтын болады. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясының аясында арнайы оқыту бағдарламасы әзірленуде. Аталмыш бағдарламада бизнес жүргізудің 100 тәсілі, 100 ең талап етілген мамандық және қазақстандықтар бейімделе алатын 100 түрлі жағдай қарастырылады. Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді формаларын пайдалану (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) халықтың нысаналы топтарынан азаматтарды белсенді етуге жағдай жасады, ал жастардың жұмыссыздық деңгейі (4,7%) алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен белгіге түсті. Алайда, оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңгерімді емес. Жұмыссыз азаматтар бар болса да, әлі бос орындар бар, экономика салаларының мамандықтарда қажет етуінің объективті болжамы әлі жоқ. Жұмыс күшінің тапшылығы, ең бірінші білікті мамандардың, техникалық және қызмет көрсету саласында тапшылық байқалады, бұл еңбек ресурсының төмен сапасына және өндіріс пен оқыту арасында байланыстың болмауына байланысты. Жұмыспен қамтылған халықтың үштен бір бөлігінің кәсіби білімі жоқ. Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде Үкіметке келесі жылдан масылдықты еңсеру мақсатында моти¬ва¬ция¬лы ақшалай төлемдерге көшу, ал әлеуметтік көмекті тек объективті тұр¬ғы¬дан еңбекке қабілетсіздер мен аз қам¬тамасыз етілгендерге ғана көрсету тапсырылды. Сол себептен стратегияның жаңа тұжырымдамасы ең бірінші көмекті жұмыссыздарға, өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарға, сондай-ақ 25 жасқа дейінгі ауыл жастарына ұсынады. Олар ақысыз оқудан өтіп, кейін жұмысқа орналаса алады. Экономикалық әлеуеті төмен ауылдардың тұрғындарына ірі индустриалық жобалар іске асырылатын, болашағы бар өңірлерге көшу ұсынылады. Мемлекет отбасылардың көшумен байланысты шығындарын көтеруге әзір, оларға көтерме жәрдемақы төленіп, жеңілдікті шарттарда жалгерлік тұрғын үй ұсынылады. Біліктілікті арттырудан өткен мамандарды қабылдаған жұмыс берушілер, ҮИИБ бағдарламасы және «Жол картасы» шеңберінде берілген несиелерді субсидиялау сомасы артады деп сене алады. Даму үшін әлеуеті бар ауылдар, керісінше, кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды өткізе алады. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдылықтардың біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі, адам ресурсының әлеуетін дамыту мен іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлық пен тұрмыс сапасын арттыруының басты құралы болып табылады. Қазіргі уақытта іске асырылатын үдемелі индустриалды-инновациялық дамуға көшу, бір жақтан, жұмыспен қамту өсімінің мүмкіндігін кеңейтеді, ал екінші жақтан – еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тарту, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттыру тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды қажет етеді. Табысы аз адамдарға әлеуметтік қолдау көрсеткен кезде, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мен еңбек табысын алу жеткіліксіз пайдаланылады. Халықты жұмыспен қамту саласында жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында жаңа бағдарламаны әзірлеу аясында, жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру үшін әлеуметтік көмек жүйесін әрі қарай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі пайда болды. Әлеуметтік саясатты өзгеру бағыттарының бірі жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып табылады. Жұмыспен қамту органдарының жаңа құрылымын, яғни Халықты жұмыспен қамту орталықтарын енгізу жоспарланып отыр, бұл халық үшін де, жұмыс берушілер үшін де, жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. ЖББ іске асыру бойынша негізгі жүктемені халықты жұмыспен қамту орталықтары алады, оларды аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда құру қажет. Жол картасын іске асыру барысында жинақталған тәжірибені есепке алып, еңбек нарығында жағдайды реттеуде мемлекеттің рөлін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін құру және қаржыландырудың бірыңғай тәртібін анықтау бөлігінде заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі Елбасының тапсырмасы бойынша жаңа жұмыс орындарын құруға және сақтап қалуға бағытталған, Жұмыспен қамтудың арнайы стратегиясын (Жол картасын) әзірледі. Бұл ретте жұмыссыз және табысы аз азаматтардан басқа, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыс нарығының белсенді бағдарламаларына (бұдан әрі - ЖНББ) тарту арқылы мемлекеттік ықпал ету саласына енгізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыспен қамту органдарының жетілдіруін қажет етеді. ЖНББ іске асыру бойынша негізгі жүктемені халықты жұмыспен қамту орталықтары алады, оларды аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда құру қажет. Халықты жұмыспен қамту орталықтарын құру халық үшін де, жұмыс берушілер үшін де жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жеке жұмысты жүргізудегі ерекше рөл әлеуметтік келісім-шартқа – ЖНББ қатысушылары мен халықты жұмыспен қамту орталықтары арасындағы өзара міндеттемелерді қарастыратын келісімге жүктеледі. Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына тартуға бағытталған жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымы мен жастар тәжірибесі өздерінің жоғары тиімділігін көрсетті. Сол себептен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін құру мен қаржыландырудың бірыңғай тәртібін анықтау қажеттілігі туды.