Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

Кремльде КОКП ХХ съезді ашылды.

26073
Кремльде КОКП ХХ съезді ашылды. - e-history.kz
КОКП ХХ съезді Мәскеуде 1956 жылғы 14-25 ақпанда өтті. Шешуші даусымен 1349 делегат және кеңесші даусымен 81 делегат қатысты, олар 6 795 896 партия мүшелерін және 419 609 партия мүшесіне кандидаттарды ұсынды. Съездің делегаттар құрамы (шешуші дауыс құқығымен): жұмыс түрі бойынша – 438 делегат тікелей өндірісте жұмыс істейді, олардың ішінен 251 адам өнеркәсіпте және көлік саласында, 187 – ауыл шаруашылығында қызмет еткен; жас шамасы бойынша – 40 жасқа дейін 20,3%, 40-тан 50 жасқа дейін 55,7%, 50-ден асқандар 24%; білімі бойынша – 758 делегат жоғары оқу білімімен, 116 делегат аяқтамаған жоғары оқу білімімен және 169 делегат орта білімімен, яғни 80% делегаттардың білімі жоғары, аяқтамаған жоғары және орта білімді болған; партиялық қызмет өтілі бойынша – 22 делегат партияға Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін кірген, 60 делегат – 1917-20 жылдары, 24,9% делегат 1921-30 жылдары, 34% делегат 1931—1940 жылдары, 21,6% делегат 1941—45 жылдары, 13,4% делегат 1946 жылы және одан кейін енген. Съезге делегат ретінде 193 әйел адам сайланды (бұл бүкіл делегаттардың 14,2% құрады). Съезд делегаттары арасында 60 - Кеңес Одағының Батырлары және 95 – Социалистік Еңбек Батырлары. Съезде 55 шет елдердің коммунистік және жұмыс партияларының делегаттары қатысты. Күн тәртібі: КОКП ОК есептік баяндамасы (баяндамашы Н. С. Хрущев); КОКП Орталық тексеру комиссиясының есептік баяндамасы (баяндама жасаған П. Г. Москатов); 1956-60 жылдарға арналған КСРО халық шаруашылығын дамытудың 6-бесжылдық жоспарына КОКП 20-съезінің нұсқаулары (баяндама жасаған Н. А. Булганин); Партияның орталық органдарын сайлау. 20-съезд Сталинге жеке табынудан және оның зардаптарынан еңсеру жайында мәселені қарастырды. Онымен қабылданған қарарда партия өмірінің лениндік нормаларын қалпына келтіру, партия ішілік демократияны дамыту жөнінде ОК жүргізген қомақты жұмысы мақұлданды. Съезд ОК марксизм-ленинизмге жат жеке басқа табынудан толық еңсеруді, партиялық, мемлекеттік және идеологиялық жұмыстың бүкіл саласында оның зардаптарын жоюды, партия өмірінің лениндік нормаларын және басшылық етудің ұжымшылдық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтамасыз ететін шараларды біртіндеп жүзеге асыруды ұсынды. Жеке басқа табынуды сынағанда партия тарихтағы халық бұқарасының, партия және жеке тұлғаның рөлі туралы, саяси басшының атқарған істері қаншалықты зор болса да, жеке басқа табынуды болдырмау туралы марксизм-ленинизм ережелерін басшылыққа алды. 20-съезд өткен соң, оның шешімдерін дамыту үшін КОКП ОК 1956 жылғы 30 маусымдағы «Жеке басқа табынуды және оның зардаптарын еңсеру туралы» арнайы қаулысы жарияланды. Съезд шешімін коммунистік партия, кеңес халқы, бауырлас коммунистік және жұмыс партиялары мақұлдап, қолдады. Әд.: КОКП ХХ съезді. Стенографиялық есеп, 1-2 т. М., 1956. Л. Н. Бычков. Ақпарат көзері: Большая советская энциклопедия, 1969 – 1978