Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

2003 жылы «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігі құрылды

26052
ҚР Президентінің өкімі бойынша ҚР Ұлттық ғылымдар академиясы базасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігі болып қайта құрылды. (2003 жылғы 22 қазан)
Қазақстанның жетекші ғалымдарының «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігін құру туралы бастамасы ҚР Президентінің өкімімен мақұлданды. Осы өкіммен ҚР ҰҒА Республикалық мемлекеттік академиясы таратылды. Президент өкіміндегі «ҚР-да ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру бойынша шаралар» түсініктемесінде, атап айтқанда, ҚР ҰҒА мемлекеттік мекеме дәрежесі берілгені туралы 2001 жылғы шешім тиімсіз болып, ғылыми-зерттеу үдерісін ұйымдастыру бойынша жаңа жолдарды іздеуге, академия қызметінің салғырттығын жеңуге жағдай жасалынбады делінген. Осыған байланысты мемлекет басшысы ҚР ҰҒА мүшелерінің академияға қоғамдық бірлестік мәртебесі берілсін деген ұсынысын қолдады. Түсініктемеде осымен қоса, мемлекет әлемдік қоғамдастықта қалыптасқан институттар мен механизмдер арқылы бүгін де, болашақта да ел алдындағы қоғамның гүлденуі мен дамуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге әсер ететін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің дамуына жан-жақты жағдай жасап отыратындығы туралы айтылған. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің 22 қазанда болған құрылтайшылар съезінде бірлестігінің жарғысы қабылданып, академия президенті сайланды. Академияның президенті – академик Мұрат Жұрынов.