Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

Театр және кино актрисасы, КСРО халық артисі, Қазақстан халық артисі Хадиша Бөкееваның туған күні

26048
Театр және кино актрисасы, КСРО халық артисі, Қазақстан халық артисі Хадиша Бөкееваның туған күні - e-history.kz
Хадиша Бөкейқызы Бөкеева (1917 жылғы 21 ақпан – 2011 жылғы 31 қаңтар) – театр және кино актрисасы, Қазақстан халық артисі, КСРО халық артисі (1964). Хадиша Бөкеева Казталовка ауылында (қазіргі – Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының орталығы) 1917 жылғы 21 ақпанда (басқа дереккөздер бойынша - 1 қаңтарда) дүниеге келді. 1938 жылы Ленинградтағы театр институтын (қазіргі – Санкт-Петербург театрлық өнердің мемлекеттік академиясы) тәмамдап, Шымкент театрының труппасына түсті. 1942 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етті (Алматы). 1965 жылдан бастап Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетінде (2000 жылдан бастап – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) педагогикалық қызметте болады (1968 жылдан бастап - доцент). Қазақ ССР кинематографистер Одағының мүшесі. 2011 жылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында өмірмен қош айтысты. Кеңсай зиратында жерленген.