Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні

26047
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні - e-history.kz
азақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген.
Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен. Алғаш рет ауыл молдасынан хат таныған Сұлтанмахмұт Троицк қаласында оқуын жалғастыра отырып, сол маңайдағы ауылдардың бірінде мұғалімдік қызметті қоса атқарады. 1914 жылы әдебиетпен шұғылдану, халықты сауаттандыру мақсатында туған ауылына оралады. Қазақ балаларын сауаттылыққа үйрету мақсатында ”Шон серіктестігі” қоғамын құруға тырысады. Жергілікті байлардан қолдау таппаған ақын, ойын жүзеге асыра алмайды. 1914-15 жылдардағы жаңа кезеңде Семей қаласына кетеді. Онда болыс Әбдікерім Ережеповпен танысады да, екі кластық орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып бала оқыту үшін Шыңғыстайға аттанды. Шыңғыстай мектебі жергілікті әкімшілікке аудармашылар мен кеңсе хатшыларын дайындайтын. Сұлтанмахмұт өз жұмысында заман талабына сай жаңа оқулықтарды пайдалана отырып, сабақ жүргізді. Сабақ барысында белгілі автор А. Е. Алектровтың “Русско-казахская азбука”, “Казахская хрестоматия” оқулықтары көп көмектесті. Қалаша киген киімі, көп білетіндігі Сұлтанмахмұттың ауыл жастарымен тез тіл табысуына әсер етеді. Оларға өзінің табиғат, махаббат, әділеттілік туралы жазылған жалынды жырларын оқиды. Шыңғыстай жерінде ақынның алғашқы махаббаты оянады. Ақынның таңдауы болыс Әбдікерімнің қызы Бағилаға түскен еді. Қыз да кет әрі болған жоқ. Бірін-бірі түсініскен екі жас реті келгенде бұлақ басында жолығып, сырласып жүрді. Ақын сезімге толы жырларын оқитын. Екеуі бақытты еді. Бірақ ол бақыт ұзаққа бармады. Екі жастың сезімін білген Әбдікерім болыс қатты ашуланып, қызын айттырған жеріне жылдамдатып ұзатады. Қақаған аязды қыста он сегіз жасар Бағила еріксіз Шу аймағына ұзатылады… Ақын көктем шығысымен Шыңғыстай жерін тастап, Зайсандағы досы Мәулет Шамсутдиновқа аттанады… Жергілікті халық жас мұғалімді көп жыл бойы естеріне сақтады. Оның көзін көрген бақташы Қанапия Мусин 70 -жылдарға дейін өмір сүрді. Кезінде Бағилаға ақынның талай хаттарын тасыған Нұрмаш Баиырова бертін 70 жасында қайтыс болды. Шыңғыстайлықтар өз ауылдарында мұғалімдік қызмет атқарған ақынды мақтан тұтады. Ауыл мектебі С. Торайғыровтың атында. Осы Шыңғыстайдағы сәтсіз аяқталған махаббаты, әйел теңсіздігі ақынның “Кім жазықты” поэмасына арқау болып, Зайсанда жазылған. Бойындағы бар жылуын өзін қоршаған адамдарға берген ақын көп ізденіп, көп жазады. Жоқшылық, көп оқу, сүйіктісімен айрылысу ақынға оңай тиген жоқ, денсаулығы да сыр бере бастады. 1916 жылы дәрігерге қаралу үшін алдымен Семейге, сонсоң Томскіге барады. Ауруы асқынған ақын туған ауылына оралады. Үнемі халықпен бірге болып, митингілерде сөз сөйлеп, жаңа өмірді жырлайды. Қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті қайраткері, ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің шежірешісі болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 21 мамырда дүниеден өтеді. Ақын бар жоғы 27 жыл ғана өмір сүрді…