Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің жарлығы шықты

26034
1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің жарлығы шықты - e-history.kz
1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясат жүйесінде орталық орынға иеленді. 820 астам этномәдени бірлестіктерге ықпал жасап, азаматтық қоғам мен мемлекеттің мүмкіндігін үйлестіріп, ол қоғамдық бірлестіктің негізгі буыны болды. Әлемде аналогы жоқ мемлекеттік қоғамның осы бірегей институты іс жүзінде халықтық дипломатия органы болды. Жұмыс жасаған жылдары Ассамблея этнос аралық даму мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар жұмысын үйлестірушісіне айналды. Осы жұмыс этнос аралық келісімді қамтамасыз етудің ақпараттық, білім беру, тәрбиелік, құқықтық, сондай-ақ халықаралық аспектілерін қамтиды. Президент – Конституция кепілі, Ассамблеяның төрағасы болып табылады, осымен оның жоғары қоғамдық-саяси мәртебесі анықталған. Жоғарғы орган - ҚХА сессиясының шешімдері бүкіл мемлекеттік органдармен міндетті түрде қарастырылуға жатады.