Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

«Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жарияланды

26028
«Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жарияланды - e-history.kz
17 наурыз күні «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жарияланды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылдың 14 наурызында № 67 «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары туралы» ҚР Президентi Жарлығы жариялады. Жарлықтың бірінші тармағында Астананың 2030 жылға дейінгі орнықты түрде стратегиялық дамуы бекітілген. ҚР Үкіметіне Астананың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекіту үшін бір ай уақыт берілді. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ҚР Президентіне тікелей бағынып, есеп беретін мемлекеттік органдарға Өкімге сәйкес Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін қажетті іс-шаралар қабылдау қажет. Астана қаласының әкiмi: 1) заңнамада белгiленген тәртiппен Стратегиялық жоспардың орындалуын үйлестiрудi қамтамасыз етедi; 2) жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Стратегиялық жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады. Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелдi.