Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Халық ақыны, әнші-композитор Мәди Бәпиұлы дүниеге келді

23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мәскеуге алғашқы ресми сапармен барды

- = -

2008 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы құрылды

26010
2008 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы құрылды - e-history.kz
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг.
Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингіакционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды. 2010 жылдың 31 желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен. Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.