Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1921 жылы Ақмола губерниясы құрылды

Қазақ ССР мен ССРО халық әртісі Қалыбек Қуанышбаевтың туған күні

- = -

«Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мемлекеттік банкінің және Ресей банкісінің 1961-1992 ж.ж. қазыналық және банкілік билеттерін және оларды ұлттық валютаға ауыстыру туралы» Жарлық

25990
«Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мемлекеттік банкінің және Ресей банкісінің 1961-1992 ж.ж. қазыналық және банкілік билеттерін және оларды ұлттық валютаға ауыстыру туралы» Жарлық - e-history.kz
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алғаннан кейін жас республиканың әралуан өмір саласында бірқатар реформалар жүргізілді. 1993 жылғы ақша реформасы ұлттық экономикада маңызды жаратылыстардың бірі болды. Адамдар айырбастай алатын ақшаның ең жоғарғы көлемі 1000 рубльден аспады. Зейнеткерлерге 200 рубльге дейін ауыстыруға рұқсат етілді. Ақшалары бекітілген лимиттен асып түсетін адамдар кіріс көздері туралы декларациямен бірге Арнайы комиссияға жүгіну қажет болатын. Бір уақытта, 1991 жылы 23 қаңтарда салымдарды беруге шектеулер енгізілді. Салымдар жинақ банкі арқылы айына 500 рубльге дейін тек қана тұрғылықты жері бойынша берілді, ол туралы төлқұжатқа белгі қойылды. «Павлов» реформасының нәтижесінде айналымнан 8 млрд. рубль алынды, оларға заңды иелік ету дәлелденді. Алайда, бұл шара рубльді сатып алу қабілетін арттыруға ықпал етпеді. Өткізу бағалары олардың тоқтаусыз өсуінде көрінді. Қайта құру кезеңінде бір уақытта айналымда ақша массаларының өсуімен өндірістердің жаппай құлдырауы байқалды. Тауарлар мен азық-түліктер негізінен шетелден сатып алынды. Оған қажетті 1,63 млрд. сомасындағы валютаны 1989 жылы – 300 т, 1990 жылы – 234 т алтын сату есебінен алды. 1990 жылы қолма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд. рубльді құрады, ол 1981-1985 жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары. Аса ірі ақша массасы бос тұтынушы нарығына да сәйкес келмеді. 1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы үлгідегі құны 50 және 100 рубль болатын КСРО Мемлекеттік банкінің ақша белгілерін төлемге қабылдауды тоқтату және азаматтардың салымынан қолма-қол ақшаны беруге шектеу қою туралы» президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналымға 1991 жылы шығарылған купюралардың ұқсас құндылығы енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаларды жаңасына ауыстыру үшін үш күн уақыт берілді. КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік валюта – рубль – ТМД-ға кірмеген елдерді қоса алғанда, барлық посткеңестік мемлекеттердің тәуелсіз дамуының бірінші кезеңінде мұраға қалдырылды. Бірқатар себептерге, ең алдымен саяси сипаттағы себептерге байланысты жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылуы, сонымен қатар әлеуметтік директивті экономикадан нарықтық тез унификациялау заңнамасына көшу жағдайларының мүмкін болмауы, бірыңғай валюта зонасын сақтап қалуы сәтсіздікке ұшырады. Ақша дезинтеграция процессі КСРО құлағаннан кейін өте күрделі өтті және барлық посткеңестік мемлекеттерде жеке ұлттық валютаны шығарумен қолданыстан алып тасталды. КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банк бір-біріне тәуелсіз ұлттық банктердің рөліне кірісті. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның өзге елдерімен бірге «рубль зонасында» қалуды жалғастырды. 1992 жылы құны 200, 500, 1000 рубльдік купюралар айналымға шығарылды. Олардың элементі сол кезде жұмыс істеген КСРО Мемлекеттік банкінде көрсетілді. 1992 жылы маусымда айналымға алғашқы ресей купюралары 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 рубльдер шықты. 23 шілдеде Ресей Ұлттық банкі 1961-1992 жылғы үлгідегі кеңес ақша белгілерін, сондай-ақ ресейлік купюраларды алып тастайтындығы туралы хабарлады. Ресейдегі ақша реформасы ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда ескі үлгідегі ақшаларды жаппай тастауға әкеп соқтырды. 1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының басшылығы тек қана ресейлік рубльге бағыну аңғарттық болатын түсіне отырып, жеке вальта шығаруға қадам басты. Жаңа ақша басып шығару бойынша «Харрисон» ағылшын компаниясымен келісім-шарт жасалды. 1993 жылы құны 1, 3, 5, 10, 20 50 және 100 теңгелік купюралар Қазақстанға жеткізілді. Олар қолдан жасалмас үшін 18 деңгейде қорғалды. 1993 жылы 12 қарашада Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы жарлықпен 15 қарашада сағат 8.00-де ұлттық валюта – теңге енгізілді.