Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

ҚР ұлттық валютасы – теңге енгізілді

25969
ҚР ұлттық валютасы – теңге енгізілді - e-history.kz
Қазақстандық теңге — Қазақстанның ұлттық валютасы Қазақстандық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы. Купюрада және монетада қарапайым теңге деп жазылу қабылданды (орыс - тенге). Қазақстан Республикасы ТМД елдерінде ұлттық валюта айналымына түскен соңғы елдердің бірі. 1991 жылы «арнайы топ» «дизайнерлері құрылды, олар: Меңдібай Алин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов, Хайрулла Габжалилов. 5,10,20,50 теңгелік монеталар және ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкнот 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қарашада теңгеге айналым енгізіліп 1 теңге 500 рубль КСРО арақатынасына тең болды. 1995 жылы Қазақстанда банкнот фабрикасы ашылды. Теңгенің алғашқы партиясы Англияда басып шығарылды. Алғашқы ұсатылған ақша – тиын (теңгенің 1/100 бөлігі) 1,2,5,10,20,50 тиын номиналдардағы банкнот түрінде шығарылды. Германиядан келіп түскен алғашқы монеталар: 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген). 2001 жылы 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген). 2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар; 2006 жылғы номиналы 200 және 10 000 теңгелік банкноттардың жаңа айналымы шығарылады; 2010 жылдан 5 қаңтардан бастап Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне арналған 2010 жылғы үлгідегі номиналы бір мың теңгелік естелік банкноттардың жаңа айналымы шығарылады; 17 қаңтарда Қазақстанның ұлттық банкі «Азиада 2011» - Жетінші қысқы Азиада ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік естелік банкноттың жаңа айналымын шығарды; 2011 жылғы 25 мамырдан бастап Ислам Конференциясын Ұйымдастыруға Қазақстанның төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттың жаңа айналымын шығарды; 2011 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында номиналдық құны 10000 теңгелік естелік банкноттың жаңа айналымын шығарды.