Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

80 жыл бұрын Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясы құрылды

25947
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме. 1935 жылы құрылған. Оның негізін қалаушы және көркемдік жетек. А.Жұбанов болды.
Филармония құрамына сол кезде Қазақ ОАК атындағы ұлттық оркестр (1939 жылы Мемлекеттік хор капелласы болып қайта құрылған) деп аталатын домбыра оркестрі, ұлттық хор, би ансамблі және әншілер мен халық аспаптар оркестрінің үлкен тобы, Б.Лебедев құрған ішекті аспаптар квартеті мен Жетісу қазақ-орыстарының ән-би ансамблі кірді. 1938 жылы Ж.Жабаевтың есімі берілді. 1939 жылы филармония жанынан М. М. Иванов-Соколовский және Л. М. Шаргородскийдің жетекшілігімен симфониялық оркестр құрылды. 1944 жылы қазақ ұлт-аспаптар оркестріне Құрманғазы есімі берілді. Қазақ филармониясы отандық және әлемдік классиканың үздік шығармаларын, қазақ композиторларының туындыларын, халық музыкалық фольклорын, кеңестік композиторлар шығармаларын кәсіби жоғары-деңгейде насихаттап келеді. Филармония көктемгі музыкалық «Жігер» фестивалін, «Балалардың музыка апталығын», әңгіме-концерттердің абонементтік топтамасын, ұлттық және симфониялық музкалық концерттерін өткізді. 70 — 80-жылдары Ж.Әубәкірова, А.Мұсақожаева, Г. Мырзабекова, Г. Молдакәрімова сияқты халықаралық байқаулардың лауреаттары сахнаға шықты. Қазақ филармониясының құрамында хор капелласы (жетек. ҚР еңбек сіңірген қайраткер Б.Демеуов), «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық академиялық оркестр (жетекші ҚР еңбек сіңірген артист К.Ахметов), республикалық камералық «Солистер академиясы» оркестрі (жетекші ҚР еңбек сіңгірген артист А.Мұсақожаева), Мемлекеттік ішекті квартет, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр (жетекші ҚР халық артист Т.Әбдірашев) және әншілер тобы кірген. Бүгінгі күндері Филармонияны оның бас директоры Аян Сұлтанғалиев басқарады.