Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

1992 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосылды

25945
1992 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосылды - e-history.kz
Лиссабонда АҚШ, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина КСРО және АҚШ арасындағы стратегиялық ядролық күштерді шектеу және қысқарту туралы Келісім хаттамасына қол қойды.
Лиссабон хаттамасы – 1992 жылы 23 мамырда Ресей, АҚШ, Украина, Беларусь және Қазақстан стратегиялық ядролық күштерді шектеу және қысқарту туралы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы және Америка Құрама Штаттары арасындағы Келісімге хаттама. Бұл хаттама 1991 жылы қолы қойылған стратегиялық ядролық қаруды шектеу және қысқарту туралы кеңес-американдық келісімге қосымша болып табылады. Украина, Қазақстан және Беларусь Лиссабондық хаттамаға қол қойып, келісім жақтарымен СНВ-I болып танылды. ҚР ядролық қаруы жоқ елдер қатарына қосылды. Олардың аумақтарындағы барлық стратегиялық ядролық қаруларды олар жоюға немесе Ресейге беру міндетін өздеріне жүктеді.