Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

1992 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды

25944
1992 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды - e-history.kz
Ташкентте 1992 жылы ТМД елдері басшыларының кездесу нәтижелері бойынша Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан арасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды.
1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан – алты ТМД елдерінің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне қол қойды. Нәтижесінде Келісімге Әзірбайжан, Грузия, Белоруссия қосылды. 1994 жылы 20 сәуірде келесі ұзартулармен бес жыл мерзім күшіне енді және 1995 жылы 1 қарашада БҰҰ-да тіркелінді. Кеңес Одағының құлауымен бұрынғы кеңес республикалары Кеңес Әскер сияқты мықты ішкі саяси механизмнен айырылды. Әдетті түсінікте маңызды қауіп болмағанына қарамастан, елдер өз қауіпсіздігі үшін мазасызданды. Бұрынғы КСРО кеңістігінде пайда болған көптеген аймақ шиеленістері осыған негіз болды. Сондықтан ТМД елдерінің қатары жеке қауіпсіздіктің жалпы күшімен қамтамасыз ету мақсатында бірігуге шешім қабылдады. Сонымен қатар кейбір зерттеушілер келісімге қол қойған елдерге ешқандай қауіп төнбегенін дәлелдейді.