Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

1944 жылы Алматы қаласында Балалар мен жасөспірімдер театры ашылды.

25915
1944 жылы Алматы қаласында Балалар мен жасөспірімдер театры ашылды. - e-history.kz
Соғыс жылдары, Мәскеу мен Ленинградтан әртістерді Алма-Атаға көшірген кезде, Н. И. Сац қалада балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың құрылуы қажет екендігі туралы жазды.
Алматы қаласындағы Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театырының негізін қалаушысы – дүние жүзіндегі алғашқы балалар театрын 1918 жылы және одан басқа әлемде балаларға арналған 60 шақты театрдың құрастырушысы Наталья Ильинична Сац. Соғыс жылдары, Мәскеу мен Ленинградтан әртістерді Алма-Атаға көшірген кезде, Н. И. Сац қалада балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың құрылуы қажет екендігі туралы жазды. 1944 жылдың 6 қыркүйегі күні «Алма-Ата қаласында жасөспірімдер театрының құрылуы туралы» КПОК (б) мен Кеңес халық комитетінің Қаулысы шықты. Ал 1945 жылдың 7 қарашасында алматылық кішкентай балалар алғаш рет театрдың табалдырығын аттады. Жасөспірімдер театрының негізін қалаушылар – еліміздің өнер тарихында елеулі еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері – Сергей Эйзенштейн, Николай Черкасов, Вера Марецкая, Владимир Луговской және тағы басқалар. Жасөспірімдер театрының дамуындағы әр кезең жаңа формалар мен айқындық құралдарын іздеумен аталып өтті. Наталья Сацтың дәстүрлерін дамытуда, келесі режисерлер И. С. Барон, А. Л. Мадиевский, В. Жезмер, Е. Прасолов және тағы басқалар театрды жаңа ашылулармен байытты. 1985 жылдың 24 ақпанынан Қаз СРО мәдениет Министрлігінің № 50 бұйрығымен Қазақстанның балалар мен жасөспірімдерге арналған театры екі дербес ұжымға бөлінді. Осы уақыттан бері Алма-Ата қаласында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ театры мен Н. Сац атындағы орыс театры жұмыс істейді. Екі театр да бір ғимаратта жұмыс істегендіктен, спектакльдер күн арала қойылатын болды. 1986 жылы театр қала орталығында «Жаңа сахна» деп аталатын жаңа ғимаратта жұмыс істей бастады. Мұнда Б. Н. Преображенский Ю. Поляковтың «Аудан көлеміндегі ТЖ», Э. Казакевичтің «Қырдағы екеу», Б. Пастернактың «Доктор Живаго», М. Булгаковтің «Ақ шоқындырушы», О. Сүлейменовтің «Скифтің құмарлығы – әділ бақытсыздық», А. Пушкиннің «Прими собранье пестрых глав...», У. Шекспирдің «Гамлет», Н. Гогольдің «Ревизор» спетальдерін қойған. 1995 жылы, 50-жылдығына орай, театрге «Академиялық» мәртебесі мен негізін қалаушы Н. Сацтың есімі берілді. 2000 жылы театр жаңа ғимаратқа – АХБК Сарайына көшіп қонды. 2006 жылдан бері театрдың негізгі ғимаратында Камералы сахна жұмыс істейді. Қазіргі кезде театр репертуарындағы А. Пушкиннің «Сказка о царе Султане», К. Чуковскийдің «Муха-Цокотуха», С. Михалковтың «Зайка-зазнайка», С. Козловтың «Золотой чай», Г. Данатаровтың «Сказка про Нолик, без которого не наступит завтра», Е. Прасоловтың «Сказка о золотом троне, голубом цветке и старой домбре», О. Емельяновтың «Волшебная лампа Аллдина», Р. Сеф пен Н. Карелинаның «Две Бабы-Яги», Е. Шварцтың «Красная шапочка», Гримм ағайындылардың ертегісі бойынша «Белоснежка», В. Токареваның әңгімесі бойынша «Талисман», И. Бабельдің «Закат», А. Грибоедовтың «Горе от ума», У. Шекспирдің «Ромео и Джульетта», Ш. Айтматовтың «Белое облако Чингизхана», А. Гайдардың «Тимур и его команда» және С. Маршактың «Кошкин дом» спектакльдері негізгі сахнада қойылады.