«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

1832 жылы Ақмола сыртқы округі (дуан) туралы Ақмола жарлығы құрылды

Қазақ даласында Ақмола сырткы округінің ашылуына подполковник Ф.И. Шубиннің басшылығындағы экспедицияның жасаған үлкен дайындық жұмысы негіз болды

Бұл миссияның қызметі екі бағытта жүргізілді. Біріншіден, округтік приказдың құрылысы үшін орын таңдау, екіншіден, патшалық отарлаушы әкімшіліпнің жағына сұлтан мен билер секілді феодалдық ақсүйектерді тартып, оларды орыс тағына адалдыққа ант беруге көндіру болатын. Осы мақсатпен түрлі аудандарға бес экспедиция жіберілді. Стратегиялық тұрғыдан Есіл өңірі ең тиімді аудан деп табылды. 

Есіл өңіріне жеткеннен кейін, подполковник Шубин қосымша тағы да үш отряд жібереді. Олардың арасында «Ақмола» шатқалына жақын жерден қолайлы орын тауып, жолы болған жүзбасы Чириков болды. Оның үстіне шатқалдың бір артықшылығы Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті Орта Азиядан кіре тартқандар өтетін атақты «Қараөткел» тап іргесінде еді. Сондай-ақ, бекіністің бұл жерде салынуына – өзеннің жақындығы, шөбінің шүйгіндігі, сонымен қатар қысқы суықта отқа жағатын қара ағаштың мол болуы да себеп болды.

Қазақша Русский English