Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ CСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстан президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды

Халел Досмұхамедұлының туған күні

- = -

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сыдыханов Әбдірашит Аронұлының туған күні

25876
ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сыдыханов Әбдірашит Аронұлының туған күні - e-history.kz
1937 жылы 12 тамызда ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сыдыханов Әбдірашит Аронұлы дүниеге келді. Атырау облысының Индер ауданындағы Кулагино ауылында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Н.К. Крупская атындағы Халық шығармашылығы үйі жанындағы Мәскеу көркемсурет студиясын бітірген. ҚР Көркемсурет Академиясының мүшесі. Шығармашылық жолын «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы ретінде бастады. «Қараш-Қараш оқиғасы», «Құлагер», «Кездеспей кеткен бір бейне», «Өрнек», «Жусан», т.б. фильмдерді түсіруге қатысты. 1967 жылы Мәскеуде оның «Ән қанатында» фильміне жасаған эскиздері бойынша көрме болып өтті (1966). Ол – «1916 жыл», (Ақындар дауысы», «Ереуілшілер», «Жеңілгендер»), «Маңғыстау мұнайшылары», «Кездесу» триптихтарының, «Қазақстан туралы поэма» панносының, т.б. шығармалардың авторы. Қылқалам шеберінің суреттері Польша, Болгария, Ресей, т.б. өткен халықаралық көрмелерге қойылды. «Тарлан» сыйлығымен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері.