Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

Сұлтан Бейбарыстың туған күні

25852
Сұлтан Бейбарыстың туған күні - e-history.kz
1223 жылы беріш руынан туған. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы.
Бейбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған).Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Байбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс — қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам. Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мухаммед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық кақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті-де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыста Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді.