Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ CСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстан президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды

Халел Досмұхамедұлының туған күні

- = -

121 жыл бұрын музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, тұңғыш органолог Қасымов Қамар дүниеге келді.

25845
121 жыл бұрын музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, тұңғыш органолог Қасымов Қамар дүниеге келді. - e-history.kz
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. 1966 жылы қайтыс болған.
20 ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қыл қобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасын, аңшылық пен саяткерліктің аясында ғана қолданылып келген дауылпаз бен шыңдауылды, бақташылардың сыбызғысын классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларға лайықтап жасаған. Қасымов жасаған ұлттық аспаптар әр түрлі деңгейде өткен халықаралық көрмелерге қойылған. Республикамызда алғаш ашылған музыкалық аспап жасау шеберханаларының ісін жолға қойып, Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі мен Жамбыл атындағы Қазақ филармонияның және Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваторияның музыканттарын оркестрлік үлгіде жасалған музыкалық аспаптармен қамтамасыз еткен. Қасымов жасаған музыкалық аспаптар Мәскеу, Санкт-Петербор, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларда сақтаулы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен және Моңғолия үкіметінің ең жоғарғы «Алтын гадс» орденімен марапатталған.