Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

87 жыл бұрын әнші, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеге келді

«Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді

- = -

85 жыл бұрын жазушы-аудармашы, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері - Кәкімжан Қазыбаев дүниеге келді

25837
85 жыл бұрын жазушы-аудармашы, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері - Кәкімжан Қазыбаев дүниеге келді - e-history.kz
Кәкімжан Қазыбеав 1929 жылы Алматы облысы, Сарқант ауданындағы Ағарту совхозында, қазіргі Қазыбай Кәкімжан ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында колхозда есепші болудан бастаған. 1952 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік аяқтаған. Әр жылдарда республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінде редактордың орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, хатшысы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, КазТАГ-тың директоры, «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы болып қызмет еткен. Қазақстан Компартиясының хатшысы болып сайланып, ҚКПОК Бюро мүшесі болған. Кәкімжан Қазыбаев Қазақстан Компартиясының ХІІІ, ХІҮ, ХҮ сьезінің делегаты, Тексеру комитетінің мүшесі болған. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, мақтау грамоталарымен марапатталған. Оның қаламынан туған көптеген мақалалар мен очерктер, көркем әдеби және публицистикалық туындылар, «Кернеген кек», «Құпия», «Ызғар», «Сұрапыл», «Октябрь өрендері», «Ақиқатқа ар серік», «Аманат», «Қышыма» атты романдары мен повестері оқырман қауым мен сыншылардан жоғары бағасын алған. Орыс тілінде «Изморозь», «Наказ», «Советский Казахстан» және «Қара сел» атты үш актілі пьеса жазған. Қаламгер жайында «Көзден кетіп, көңілде қалған», «Азамат еді еңселі» деген атпен естелік кітаптар шыққан.