Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 15 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

15 Қазан
1894 Ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күні
Қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күні
1961 57 жыл бұрын Целиноградта тың игерушілер сарайының құрылысы басталды
Құрылыс жұмысы 1963 жылы толық аяқталды.
1999 1999 жылы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды

15 Қазан 1894

Ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күні

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. "Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер жинағын 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастары ұйымдастырған "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген. Осы жылы "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрған. "Тіршілік" газетін шығаруға ат салысқан. 3 айлық педкурста мұғалім болған. 

15 Қазан 1961

57 жыл бұрын Целиноградта тың игерушілер сарайының құрылысы басталды

15 Қазан 1999

1999 жылы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды

Мемориалдық кешен  1999 жылы аты аңызға айналған Қарасай және Ағынтай батырлардың құрметіне орнатылды, олардың жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқан ерліктеріне арналады.

XVII ғасырда Есім хан әскерлерінің жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысында он сегіз жастағы Қарасай батыр хан әскерін басқарды, оның қасында ең жақын досы Арғын-Ағынтай батыр болды. Айрылыспас екі дос 48 жыл бірге 200 реттен астам жоңғар шапқыншыларына қарсы қанды соғыста бірге болды, күресті 65 жастарында аяқтады. Қарасай және Ағынтай батырлар Құлшынбай төбе шоқысында бір бейітке жерленген.

15 Қазан