«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

26 Тамыз
1920 Қазақ АССР-ын құру туралы декрет қабылданды
Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік

26 Тамыз 1920

Қазақ АССР-ын құру туралы декрет қабылданды

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) – Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАССР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АССР-ы деп аталынды.

ҚазАССР-ның әкімшілік орталығы – алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.