«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

26 Маусым

26 Маусым 1996

1998 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ҚР Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңға қол қойды.

26 Маусым 1930

1930 з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигіСапарғалиев Ғайрат дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов заң институтын бітірген.

1956-1992 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, Философия және құқық институты директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты заң факультетінің деканы. 1995-2008 жылдары - Қазақ гуманитарлық заң университеті Мемлекет және құқық институтының директоры қызметтерін атқарған.

Ғайрат Сапарғалиев 1978 жылғы Қазақ КСР Конституцияның, 1993 және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялардың жобаларын жасаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының көптеген маңызды заңдарын жазуға қатысқан. 2007 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған «1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау жұмыс тобының мүшесі.

6 заң ғылымдарының докторы мен 40 астам заң ғылымдарының кандидатын дайындаған. 450 аса ғылыми еңбектердің авторы.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.